9 мамырда «Гран-тур» сериясының маусымдағы алғашқы дода «Джиро д'Италия» басталды. Бірінші кезеңде 21,7 шақырымды құрайтын сөреден жеке-жеке бастайтын командалық сайыстан тұрды. Шабандоздар «Джироның» солтүстіктегі нүктесі Белфастта бастау алды.
Бұл кезеңнің фавориті деген атты Orica GreenEDGE командасы абыроймен ақтап, үздік нәтиже көрсетті. Олардан бес секундқа артта қалған Omega Pharma – Quick-Step екінші орын алса, үшінші сатыға жеңімпаздан 7 секундқа қалып қойған BMC Racing жайғасты. «Астана» шабандоздары Orica GreenEDGE командасынан 38 секундқа қалып, алтыншы орынды мәсе тұтты. 
Жеңімпаздың күлгін жейдесін  Orica GreenEDGE-нің канадалық спортшысы Свейн Тафт киді. Свейн бұдан бір күн бұрын өзінің туған күнін тойлаған болатын, сондықтан командаластары оған мәре сызығын бірінші кесуге мүмкіндік берді.
«Джиро д'Италия». Бірінші кезең. Жеке сөредегі командалық сайыс.
1. Orica-GreenEdge – + 24:422. Omega Pharma-QuickStep – + 0:053. BMC Racing Team – + 0:074. Tinkoff-Saxo – + 0:235. Team Sky – + 0:356. Astana – + 0:387. Cannondale – + 0:538. Movistar – + 0:559. Giant-Shimano – + 0:5610. Ag2r-La Mondiale – + 0:5811. Trek Factory Racing – + 1:0012. Neri Sottoli – + 1:0113. Belkin – + 1:0114. Bardiani-CSF – + 1:0715. Androni Giocattoli – + 1:1416. FDJ.fr – + 1:1817. Lampre-Merida – + 1:2018. Colombia – + 1:2319. Katusha – + 1:3320. Lotto Belisol – + 1:3421. Europcar – + 1:4822. Garmin-Sharp – + 3:26