Шамасы, Франция құрамасы хоккейден әлем біріншілігінде сенсация жасаудың шеберіне айналған сияқты. Естеріңізде болса, француз құрамасы Ресейді жеңген еді, ал енді Минскідегі алғашқы матчта француздардың азулы канадалықтардан айласын асыра алды.

Кездесудің есебі бірінші периодтың соңында ашылды – Франция құрамасының шабуылшысы Стефан да Коста айдындағы көптігін пайдаланып, командасын алға шығарды. Десе де, канадалықтар сирена даусы естілгенше таразы басын теңестіріп үлгерді, Брэйден Шенн де айдындағы көптігін пайдаланып, қарсыласын тәртіпсіздігі үшін жазалады.

Бұдан кейін командалар үшінші жиырма минуттықта ғана есепті өзгерте алды. Алдымен канадалықтар Эрик Гудбрансонның қол ұшымен алға шықты. Бірақ Джейсон Гэррисон ойын тәртібін бұзып, айдынды уақытша босатты. Қателікті кешірмейтін француздар есепті теңестірді.

Бұл есептен кейін кездесудің тағдыры овертаймға қалдырылды, бұдан кейін ойын соңындағы буллитке ұласты. Мұнда француз Пьер-Эдуар Белльмардың жалғыз голы еуропалықтарға жеңіс сыйлады.

Осылайша, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде-ақ сенсация орын алды.

Франция – Канада 3:2 Б (1:1, 0:0, 1:1, 0:0, 1:0)

1:0 – Да Коста (Овитю, Белльмар) – 17:03, 1:1 – Шенн (Ходжсон, Гэррисон) – 19:45, 1:2 – Гудбрансон (Маккиннон) – 50:422:2 – Да Коста (Руссель) – 52:35, 3:2 – Белльмар – 65:00, (Ойын соңындағы буллит)

Қақпашылар: Юэ – Раймер