Ресей құрамасы хоккейден әлем біріншілігінің алғашқы матчында Швейцарияны жеңді.

Ресейліктер ойынның бар болғаны 13-ші секундында Леонардо Дженониді қақпасын дәл көздеді – турнирдің алғашқы шайбасының авторы Сергей Плотников атанды. Бес минут өткен соң Александр Овечкин өз командасының есептегі басымдығын еселеді. Ал бірінші кезеңнің соңында Максим Чудиновтың пасынан кейін Вадим Шипачев ресейліктердің кездесудегі үшінші голын соқты.

Екінші жиырма минуттықтың орта белінде ресейлік хоккейшілер Антон Беловтың көмегімен есеп айырмасын төрт голға дейін ұзарта алды. Ал Данис Зарипов алыстан бағытталған дәл соққымен матчтың нүктесін қойды.

Швейцария – Ресей 0:5 (0:3, 0:1, 0:1)

0:1 – Плотников (Денисов, Шипачев) – 00:13

0:2 – Овечкин (Белов, Зарипов) – 06:34, 

0:3 – Шипачев (Чудинов) – 17:15

0:4 – Белов (Кулемин, Широков) – 29:06

0:5 – Зарипов (Овечкин) – 58:25

Қақпашылар: Дженони – Бобровский