Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Федор Полищук icehockey.kz тілшісіне берген сұхбатында команда капитаны дұрыс таңдалғанын айтты.

— Төрт кездесу өткізіп үшеуінде жеңілдік. Меніңше, бұл жай ғана дайындық матчтар. Маңызды ойындарымыз әлі алда. Алаңнан жиі қуылдық, соның кесірінен ұтылдық.

— Бәлкім, таза ойнау керек пе еді...

— Мұқият ойнау керек еді. Ендігіде ондай қателерді жібермеуіміз қажет.

Капитанды таңдаған кім?

— Бапкеріміз таңдады. Содан соң бізге айтты, ешкім қарсы болған жоқ. Менің ойымша бұл дұрыс шешім.

— Антропов — атақты хоккейші. Николай өз тәжірибесімен бөлісе ме?

— Барлығымызда тәжірибе бар. Дегенмен, ол ҰХЛ-да ойнады. Сондықтан ол құрамамыздың капитаны.

Естеріңізге сала кетсек, 10-шы мамыр күні әлем чемпионаты аясында ұлттық құрамамыз Германия құрамасымен кездеседі. Бұдан өзге, жерлестеріміз – Швейцария, Ресей, Латвия, АҚШ, Беларусь және Финляндия құрамаларымен ойнайды.