Top Rank промоутерлік компаниясының бас директоры Боб Арум Головкин мен Чавес-кіші арасындағы кездесу болмайтынын айтты.

«Чавес Головкинмен жұдырықтасқысы келді, бірақ оның талаптарын орындау қиын болды. Сондықтан, біз қазір бұл кездесуді ұйымдастыра алмаймыз», — деді Арум.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Чавес-кіші Гловкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан еді. Бірақ еркін агент блғысы келетін ол Top Rank компаниясымен келісім-шартын ұзартпайды. Gorodokboxing.com сайтының хабарлауынша компания мен мексикалықтың арасында бір жарым жылдық келісім-шарт бар. 

«Келісім-шарт 2015 жылдың соңына дейін жалғасады. Бір немесе бірнеше кездесудің өтетіні маңызды емес. Егер оның келісімді ұзартқысы келмесе, құп дейік, бірақ келісім 2015 жылдың тамызына дейін жасалған, шамасы бұны оған түсіндірмеген секілді. Біз оған Головкиннен кейін тағы бір кездесу ұйымдастырамыз деп айттық, бірақ оның құлағына басқа біреулер сыбырлайтын секілді. Өкінішті. Біз әлі де Чавеске екі кездесу ұйымдастыра аламыз, бірақ 2015 жылдың қазанынан кейін келісім-шартты ұзартпаймыз», —  дейді промоутер.