Қазақстандық спортшы Гузель Манюрова әлемнің топ-5 үздік палуандарының тізіміне енді.

Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының «ВКонтакте»-дегі ресми парақшасы хабарлайды. Бұдан өзге, тағы бес спортшымыз топ-20 тізімінде бар.

FILA рейтингісі:

Татьяна Аманжол — 48 келі, 6-шы орын;

Айым Абдильдина — 55 келі, 18-ші орын;

Екатерина Ларионова — 63 келі, 13-ші орын;

Эльмира Сыздықова — 69 келі, 10-шы орын;

Гузель Манюрова — 75 келі, 5-ші орын.