Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2015 жылы өтетін Әлем чемпионатына iрiктеу кезеңі аясында Болгария құрамасын жеңді. 

 «Астана-Арена» стадионында өрбіген кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан сапында гол соққандар – Жаңатаева, Қырғызбаева дубль және Ялова. Қонақтар сапында Кирева көзге түсті.

«Қазақстан» — «Болгария» - 4:1 (3:1)

Голдар: Жаңатаева 9, Қырғызбаева 21, 34, Ялова 70 - Кирева 43

Қазақстан: Железняк, Николаенко (Идиатуллина 14), Жолшиева, Красюкова, Мясникова, Жаңатаева, Иванова, Қырғызбаева, Карибаева (Алякина 65), Вылданова, Ялова (Бабшук 90)

Болгария: Шаханска, Махлелиева, Ражгева, Радойска, Петракиева (Господинова 61), Асенова, Начева, Петрунова, Кошулева, Кирева (Папазова 76), Попадийнова (Георгиева 81)

Бас төрешi: Каролина Радзик-Йохан (Польша)