Қазақстандық теннисші Зарина Диас швейцариялық Тимео Бачинскиден ойын барысында жеңіліп жатып, турнирді жалғастырудан бас тартты.

Шет елдік басылымдардың айтуынша, қазақстандық спортшыға жарақаты бөгет болған. Айта кетергілі, Диас кездесуді 2:6, 0:3 есебімен аяқтады.

ITF аясында өтіп жатқан Open de Cagnes-sur-Mer Alpes-Maritimes турнирінің жүлде қоры 100 000 АҚШ доллары.

Сонымен қатар, бүгін Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева канадалық Шарон Фишманнан айласын асыра алмаған болaтын.