Маркос Майдананы төрешілер шешімімен жеңген Флойд Мейвезер-кіші кездесудің сатылымынан түскен 38 млн. доллар алуға үміттеніп отыр.

 «36 минутта $ 32 000 000. PPV-дің сатылым есебін күтіп жүрмін, менің әлі $ 38 000 000 алуға мүмкіндігім бар, сонда жалпы есепте $ 70 000 000 табамын», — дейді Мейвезер Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Естеріңізе сала кетсек, америкалықтың бұл кездесудегі гонорары $ 38 млн-ды құрайды. Егер оның күткені орындалатын болса, сома $ 70 млн-ға көтеріледі.