4-5 мамыр аралығында Әзірбайжанда өткен күрестен Қазақстан жастар құрамасы халықаралық «Нахчиван Кубогында» төртінші орын алды.

Қазақстаннан бөлек аталмыш турнирде Әзірбайжан, Нахчиван, Ресей, Түркия, Грузия, Өзбекстан және Украинаның күресшілері қатысты.

Қазақстан күрес Федерациясының хабарлауынша, топтық кезеңде біздің құрама Өзбекстанды  8:0, Түркияны 7:1 есебімен тізе бүктіріп, кейін Әзірбайжаннан 2:6 есебімен жеңілді.

Осылайша, доданың келесі айналымына шықты. Бұл жолы қазақстандықтар Ресейдің жас күресшілерімен кездесті. Өкінішке қарай, ресейлік спортшылар біздің командадан 3:5 есебімен басым түсті. Ал турнирдің жеңімпазы Әзірбайжан болды. Жергілікті құрама финалда Украинаға мүмкіндік қалдырмады - 8:0.