Astana Pro Team командасының басышылығы «Джиро д'Италия» додасына қатысатын велошабандоздар тізімін өзгертті. Қазақстандықтар Максим Иглинский мен Алекскей Луценконың орнына словениялық Янец Брайкович пен Борут Бозич тізімге ілікті.

«Астана» менеджері  Александр Винокуров: «17-ші сәуір күні Максим Иглинский мен Алексей Луценко  британия визасын алу үшін Париждегі елшілікке құжаттарымызды өткізген болатын, алайда екі апта өткен соң да жауап алмадық. Құжаттарымызды да қайтармады. Соңында Ницца қаласынан ешқайда шыға алмай, Джироға баратындардың тізімінен алынып тасталды.

Екі қазақстандық Джиро додасына арнайы дайындалған болатын. Өкінішке орай, жағдай осылай болып қалды. Енді олардың орнын қосалқы құрамадағы Борут Бозич пен Янец Брайкович басады. 

 

«Джиро-2014» додасына қатысатын «Астана» құрамасы:

Микеле Скарпони (Италия)Валерио Аньоли (Италия)Фабио Ару (Италия)Борут Бозич (Словения)Янец Брайкович (Словения)Энрико Гаспаротто (Италия)Микель Ланда (Испания)Паоло Тиралонго (Италия)Андрей Зейц (Қазақстан)

 

proteamastana.com