«Қайсар» өз алаңында «Атыраудың» қарқынын тоқтатты.

Қонақтар алғаш болып 12-ші минутта есепті ашты. Дмитрий Пархачев Прядкин қақпасын дәл көздеді. 

Екінші тайм Огай шәкірттерінің басымдығымен өтті. Алдымен Милан Яблан есепті теңестірсе, артынша эстониялық Римо Хунт «Қайсарға» жеңіс сыйлады. 

«Қайсар» (Қызылорда) – «Атырау» (Атырау) 2:1 (0:1)

Голдар: Яблан (56), Хунт (80) – Пархачев (12)

Төрешілер: Марат Ысқақов (Астана), Дмитрий Будниченко (Екібастұз), Дмитрий Филоненко (Тараз)

Қосалқы төреші: Ғалымжан Айжігітов (Қызылорда)

Инспектор: Вячеслав Клепченко (Ақтөбе)