«Джиро д'Италия» Гран-турында өнер көрсететін Astana Pro Team командасының құрамы анықталды. Қазақстандық велоұжымның бірінші нөмірі италиялық Микеле Скарпони болмақ.

Скарпониден бөлек «Астананың» намысын оның жерлестері Валерио Аньоли, Фабио Ару, Энрико Гаспаротто және Паоло Трианголо, сонымен қатар, словениялық Яни Брайкович, испан Микель Ланда және казақстандықтар Алексей Луценко мен Андрей Зейц қорғамақ.

«Джиро» 9 мамырда солтүстікирландиялық Белфастта әр түрлі сөремен 21,7 шақырымды құрайтын командалық сайыспен бастау алады. Жалпы есепте спортшылар 21 кезеңде 3445,4 шақырымды басып өтеді. Аталмыш додаға World Tour-дың 18 командасы мен 4 құрлықтық командадан 198 велошабандоз қатысады.