5 мамырда кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингін жаңартты.

Өткен аптамен салыстырғанда, Александр Недовесов сегіз, Михаил Кукушкин бір орынға төмендеді. Ал Андрей Голубев 61-сатыда қалды. Евгений Королев болса бірден 121 позиция жоғалтты. Қазақстандықтардан рейтингін жақсартқан Денис Евсеев болды. Ол төрт сатыға жоғарылап, 600-орынға тұрақтады.

Үздік бестікте ешқандай өзгеріс болған жоқ.

ATP рейтингі

1. Рафаэль Надаль (Испания) (0)

2. Новак Джокович (Сербия) (0)

3. Станислас Вавринка (Швейцария) (0)

4. Роджер Федерер (Швейцария) (0)

5. Давид Феррер (Испания) (0)

60. Михаил Кукушкин (Қазақстан) (-1)

61. Андрей Голубев (Қазақстан) (0)

81 Александр Недовесов (Қазақстан) (-8)

568. Евгений Королев (Қазақстан) (-121)

600. Денис Евсеев (Қазақстан) (+4)