Франциялық «Генгам» клубының жанкүйерлері «фермерлер» деген лақап аттың бекер қойылмағанын дәлелдеді. Жүзге жуық фанаттар «Парк де Пренс» стадионына трактормен барды. 

Айта кетерлігі, Генгам мен Париж арасындағы жол автокөлікпен төрт жарым сағатты қажет етеді. Алайда жанкүйерлерге бұл қиындық түкке тұрмаса керек.

Осындай батыл жанкүйерлері бар «Генгам» Франция Кубогының финалында «Реннді» 2-0 есебімен тізе бүктірді.