Хоккейден Қазақстан құрамасы Францияға қарсы өткізген екінші жолдастық кездесуінде де жеңіліп қалды.

Бірінші период қазақстандықтар үшін сәтті болды – үзіліске біздің жігіттер 0:1 есебімен кетті,

Бірақ екінші жиырма минуттықта француздар төрт шайба салып, есептегі басымдықты қолдарына алды. Десе де, қол сілтеп кетіп қалмай, қазақстандық хоккейшілер екі шайбаны дәл көздеп, есеп айырмасын бір голға ғана қысқарта алды. Бірақ Талғат Жайлауовтың голынан кейін франциялықтар бесінші рет біздің қақпаны дәл нысаналады.

Франция – Казахстан 5:3 (0:1, 4:0, 1:2)

0:1 – Старченко (Антропов) – 08:50

1:1 – Да Коста (Гюттиг, Ро) – 25:06

2:1 – Дерозье (Манавьян, Ламперье) – 25:18

3:1 – Гюттиг (Бельмар, Беш) – 34:04,

4:1 – Дерозье (Овитю, Ламперье) – 39:20

4:2 – Старченко (Колесников) – 49:13,

4:3 – Жайлауов – 58:20

5:3 – Флери (Ритц, Бельмар) – 58:57

Қақпашылар: Кемене – Еремеев