Отандық эстрада жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол клубы мен Ресейдің «Starco» футбол клубы ашық алаңда достық кездесу өткізді.

Жолдасытқ кездесуде әнші Жұбаныш Жексенұлы екі гол соғып көзге түссе, ал, үшінші допты «Арай» тобының әншісі Медет салды.Ойынға клуб президенті - Ғалымжан Арыстанбекұлы, команда капитаны - Мұқасан Шахзадаев және Жұбаныш Жексенұлы, Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев сынды өнер иелері мен «Rin'go», «Mysterions» топтарының жігіттері қатысты.«Жалпы, жұлдыздар арасындағы футбол алғаш рет Шымкент қаласында өтті. 2004 жылы «Жұлдызды гол» атауымен әншілер мен әзіл-сықақ театрының әртістері арасында өткен шара жалғасын тауып, дәстүрге айналып, жыл сайын мұндай кездесулер еліміздің әртүрлі қалаларында өтіп тұратын болды. Міне, содан бері 10 жыл өтіпті. Осы он жылда клуб мүшелері футболдың қыр-сырын меңгеріп үлгерді. Бұрынғы деңгей мен қазіргі деңгейімізді салыстыруға келмейді. Командада әлсіз ойыншы жоқ. Себебі барлығымыз да теңбіл допты теуіп жүріп өстік. Сондықтан да осы жолғы достық кездесуде ойыншылар жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын»,- деген еді ойын басталар алдында Мұқасан Шахзадаев.

 

«Алатау» (Қазақстан) - «Starco» (Ресей) 3:1

Голдар: Жұбаныш Жексенұлы - дубль, Медет Көжекбаев, -

04.05.2014 Алматы. Орталық стадионы