Футболдан ел чемпионатының 10-шы турындағы «Қайсар» мен «Атырау» арасындағы кездесуде алты төреші жұмыс істейді.

Бұл туралы қызылордалық клубтың ресми сайты хабарлайды. Ойынның негізгі төрешісі – Марат Ысқақов, көмекшілері – Дмитрий Будниченко (Екібастұз) мен Дмитрий Филоненко (Тараз). Қосалқы қазылар – Болат Карлибаев пен Денис Тевяшов.

Айта кетер жайт, биылғы маусымнан бастап әр турдың бір кездесуінде алты төреші қазылық етеді.