Футболдан Франция кубогының финалында «Генгам» мен «Ренн» күш сынасты.

Бретандық команда қарсыластарының қақпасына екі жауапсыз гол соғып, басым жеңіске қол жеткізді. Алдымен, Мартинс Перейра қонақтардың қателігін ұтымды пайдаланып есепті ашты. Содан соң, екінші таймның басында Ятабара жалпы есепті түйіндеді – 2:0.

Футболдан Франция кубогы. Финал

«Генгам»-«Ренн»-2:0

Голдар: Мартинс Перейра, 37, Ятабаре, 46