«Боруссияның» шабуылшысы Роберт Левандовски дортмундтық клубтың стадионы «Сигнал Идуна Паркта» соңғы кездесуін өткізді.

Естеріңізге сала кетсек, 25 жастағы форвард мюнхендік «Бавариямен» бес жылдық келісім-шартқа отырған болатын.

Боруссиялықтардың сапындағы соңғы кездесуде Левандовски көзге түспеді, десе де, жанкүйерлері негізгі қарсыласының сапына ауысқан ойыншыға ұзақ уақыт шапалақтап, құрмет көрсетіп тұрды.

Назарларыңызға Левандовскидің «Боруссия» жейдесінде өткізген соңғы матчын және жанкүйерлерімен қоштасқан видеоны ұсынамыз.