Екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Карл Фроч пен британиялық боксшы Джордж Гроувз қазақстандық Геннадий Головкин жайды пікірлерін айтты, деп хабарлайды GGG-дің «ВКонтактегі» ресми парақшасы.

Карл Фроч: «Ол талантты, соққылары жойқын, онымен жұдырықтасқанда сақ болу керек».

Джордж Гроувз: «Мен Головкинді Монакода көргенмін, ол өте жақсы жігіт. Әрине, соққылары қатты. Шынында, менің ойымша, үлкен орта салмаққа жетпейді. Бірақ оның біліктілігі сонша, тіпті, суперорта салмаққа көтерілетін сияқты. Мен барлық ұсынысты қабылдаймын, тіпті, Головкиннен де».