«Барселона» «Реал Мадридтің» қорғаушысы Серхио Рамосқа 50 млн еуро беруге дайын, деп хабарлайды Eurosport.ru.

Футболшының өзіне 2020 жылға дейін маусымына 10 млн еуро тұратын жаңа келісім-шарт ұсынылады. Бұл туралы Sport.es сайтына сілтеме жасап, Realmadridplace «Твиттері»   жариялады.

Рамос 2005 жылы «Реал» сапына «Севильядан» 19 жасында 27 млн еуроға ауысқан болатын. Сол кезден бастап «Корольдік клубпен» бірге 400-ге жуық ресми матчта алаңға шығып, 45 гол соққан. «Реалдағы» мәнсабы оған үш Ла Лига чемпионы (2006/07, 2007/07, 2011/12), екі Испания Кубогы (2010/11, 2013/14) және екі Суперкубок (2008, 2012) иегері атағын алып келді.

Испания құрамасымен бірге Рамос әлем чемпионы (2010) және Еуропа чемпионы (2008, 2012) атанды.