Хоккейден Қазақстан құрамасы Франция командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Есеп екінші кезеңде ашылды. Алдымен Бельмар ойыншы басымдығын пайдаланып, Алексей Ивановты қапы қалдырса, ұзақ уақыт өтпестен Бельмардың пасын сәтті пайдаланған Ритц есепті еселеді. Роман Старченко таблодағы есепті бір шайбаға қысқартқанымен, үшінші периодта француз ойыншылары қазақстан құрамасының қақпасына нүкте қойды. Гол авторы Овитю. 

Франция – Қазақстан 3:1 (0:0, 2:1, 1:0)

1:0 – Бельмар (Овитю, Беш) – 24:37, в большинстве

2:0 – Ритц (Бельмар, Флери) – 27:40

2:1 – Старченко (Блохин) – 31:58

3:1 – Овитю (Флери, Гюттиг) – 40:55, в большинстве

Қақпашылар: Юэ – Иванов