Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон Аднан Янузайдың Бельгия сапында өнер көрсетуіне байланысты қап жеген адамдарды түсінбейтінін айтты.

«Ойыншы Англия құрамасында 2018 жылға дейін ойнай алмайды, оның басқа құраманың жейдесін киюді жөн көрсе, оны үлкен мәселе қылудың керегі жоқ. Осылай болғаны, әрине, өкінішті, бірақ мен осы турасында туындап жатқан мәселені түсінбеймін. Шынына келсек, ол ағылшын емес қой. ФИФА-ның ережесіне сай Янузай Англия құрамасында 2018 жылы ойнай алады. Ендеше неге 2014 жылы ол басқа құрамада өнер көрсетеді деп қаймығасыздар? Ол Бельгияда туды және өсті. Сондықтан көңіл-күйіміз түспеуі керек», — дейді 66 жастағы британдық БАҚ-қа.

Ең қызығы, «Манчестер Юнайтедтің» қорғаушысына ФИФА Бельгия, Албания, Түркия, Сербия құрамаларының бірін таңдауға немесе 2018 жылға дейін күтіп, Англия құрамасында ойнауға ерік берді.