3 мамырда «Романдия турының» төртінші кезеңі аяқталды. Бұл күнде велошабандоздар Фрибург аймағындағы 174 шақырымды артта қалдырды.

Үздік үштікке тиісінше, мына спортшылар кірді – Михаэль Альбазини (Orica GreenEDGE),  Europcar-дағы француз Том Веклер және Omega Pharma – Quickstep командасындағы бельгиялық Ян Бакелантс.

Жалпы есепте ешқандай өзгеріс болған жоқ. Әлі де «Катюшадағы» Симон Шпилак топ басында.  «Астананың» өкілі Винченцо Нибали мен Якоб Фульсанг, 4-ші және 7-ші орындарды мәсе тұтып тұр.

Ал командалық есепте «Астана» әлі де үшінші орында келе жатыр.

«Романдия туры». Төртінші кезеңнен кейінгі жалпы есеп

1. Симон Шпилак (Словения, Team Katusha) – 15:53:55

2. Кристофер Фрум (Великобритания, Sky) – 15:53:56

3. Руй Алберту Кошта (Португалия, Lampre-Merida) – 15:54:57

4. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – 15:55:01

7. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – 15:55:09

34. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – 16:06:34

52. Андрей Гривко (Украина, Astana Pro Team) – 16:17:12

67. Максим Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) – 16:24:58

101. Фредрик Кессьякофф (Швеция, Astana Pro Team) – 16:45:32