«PROСПОРТ» тілшісімен әңгімеде француз әншісі және актрисасы Патрисия Каас нөмірі бірінші спорт түріне қызығатынын, сонымен қатар, аңызға айналған Зинедин Зиданның бапкер болуы туралы өз пікірін айтты.

 - Маған футбол ұнайды, бірақ түсінгеніңіздей оны ойнайтын мүмкіндігім жоқ, - деді Патрисиа Каас. - Сонда да бос уақытым бола қалса, азулы командалар қатысқан матчтарды қарағанды жөн көремін. Ал Зинедин Зиданның бапкер болуына келсек, егер оны Қазақстан құрамасының немесе осы елдің топ-клубының біріне бапкер боп тағайындалса, тамаша болар еді. Бірақ бұл оның өмірі және ол ғана шешім қабылдай алады