«Астана» баскетбол клубының шабуылшысы Анатолий Колесников "ВТБ бірегей лигасының" 2013/2014 жылдар маусымындағы ең үздік қазақстандық ойыншысы болып танылды.

«ВТБ бірегей лигасы» былтырдан бері әр елдің үздік ойыншыларын анықтауды дәстүрге айналдырған. Аталмыш лигада тоғыз елдің клубтары өнер көрсетеді.Алты елден бір ғана командадан қатысады (Қазақстан, Латвия, Эстония, Беларусь, Чехия, Польша). Осы елдердің үздік ойыншыларын «ВТБ бірегей лигасының» өзі анықтайды.

Биыл біздің елдің аталмыш лигадағы үздік ойыншысы мәртебесіне Анатолий Колесников ие болды (Былтыр Антон Пономарев үздік танылған болатын). Колесниковтің биылғы маусымдағы техникалық көрсеткіштері басқа баскетболшыларымыздың статистикаларына қарағанда жоғары болған.Ол биылғы маусымда «Астана» сапында 18 ойын өткізді. Осы ойындарда орта есеппен команда қоржынына 3,3 ұпай салып, 0,4 пас берген. 2,5 рет доп қақшып алып, тиімді әрекеттері үшін 5,2 балдан еншілеген.