Мадридтік «Реалдың» қақпашысы Икер Касильяс пен испаниялық Рафаэль Надаль қатысуымен «Каха Махика» теннис стадионында қайырымдылық кеші өтті. 

Қайырымдылық кеші 2-ші мамыр жұма күні өтті деп хабарлайды шетел БАҚ өкілдері. Барлық жиналған қаражат Надаль мен Касильястың кайырымдылық қорына түсіді.

Кеште жеклей және жұптық сайыста теннисшілер күш сынасты. Футбол мен воллейбол доптарымен түрлі ойындар өтті. Теннисшілер Фелисьяно Лопес, Энди Маррей, Карлоса Мойя, Серена Уильямс, Агнешка Радваньска, футболшы Тибо Куртуа, баскетболшылар Серхио Льюль мен Руди Фернандес, әртіс  Дани Ровира, және де сән әлемінде танымал Кристина Педроче мен Нив Альварес кеш көрігін қыздыра түсті.

«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып көмектескен әрбір жанға ризалығымды білдіремін. Кеш қызықты өтті деп ойлаймын. Барлық жиналған қаржы қайырымдылық істерге жұмсалады.», — деді Надаль кеш соңында.