Хоккейден Қазақстан құрамасының капитаны болып «Барыстың» шабуылшысы Николай Антропов тағайындалды. 
 
Жаңа капитанды бапкерлер мен ойыншылар таңдады. Капитанның көмекшісі болып Дмитрий Уппер мен Алексей Литвиненко тағайындалды.   
 
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында Франция құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
 
7-ші мамырда Қазақстан құрамасы Минске аттанады.