2 мамырда «Түркия турының» алтыншы кезеңі аяқталды. Бүгін велошабандоздар 183,1 шақырымды құрайтын Бодрум – Сельчук арасындағы тас жолды басып өтті.

Кезеңді Orica GreenEDGE командасының өкілі британиялық Адам Йейтс жеңіп алды. Cannondale клубындағы италиялық Давиде Формоло мәре сызығын екінші боп кесті. Ал үздік үштікті тағы бір италиялық CCC Polsat Polkowice-тің велошабандозы Ромен Арди түйіндеді. 

Бүгінгі жеңіс Йейтсті жалпы есепте алға шығарды. Бұған Cofidis командасындағы Рейн Таарамяэ топ бастап келе жатқан еді. Енді ол екінші орынға сырғыды. Рейннің командаласы Ромен Арди үшінші сатыда.

«Астана» өкілдеріне тоқталатын болсақ, бүгін жақсы нәтиже көрсеткен Александр Дьяченко болды. Ол жеңімпаздан 53 секундқа қалып қойды. Ал жалпы есепте Дьяченко 12-орынға жайғасты.

«Түркия туры» велододасы. Жалпы есеп. Алтыншы кезеңнен кейін

1 Адам Йейтс (Великобритания, Orica GreenEDGE) – 24:46:57

2. Рейн Таарамяэ (Эстония, Cofidis) – + 00:01

3. Ромен Арди (Франция, Cofidis) – + 00:39

12. Александр Дьяченко (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 01:31

26. Валентин Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 07:59

42. Даниил Фоминых (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 14:57

85. Руслан Тілеубаев (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 35:18

111. Дмитрий Груздев (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 43:55

116. Арман Камышев (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 46:01

124. Дмитрий Муравьев (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 47:59

125. Андреа Гуардини (Италия, Astana Pro Team) – + 48:39