АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 3 мамыр күні өтетін Флойд Мэйвезер мен Маркос Майдана жекпе-жегін «KAZsport» телеарнасы  тікелей эфирде көрсетеді.

 

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында сенбіден жексенбіге қараған түні  кәсіпқой бокстан WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы (66,7 келі) Әлем чемпионы, америкалық кіші Флойд Мэйвезер мен аргентикалық боксшысы Маркос Майдана жқдырықтасады.

 

Кіші Флойд Мэйвезер кәсіпқой рингте 45 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның үстіне 26 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал оның қарсыласы Маркос Майдана 35 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Ол 21 рет қарсыластарын нокаутқа жіберген.