Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Братина Кубогы» Жоғары хоккей лигасының чемпионы атанған «Сарыарқа» хоккей клубына құттықтау жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Мемлекет басшысы Қарағанды клубының басшылығын, жаттықтырушылар штабы мен ойыншыларын зор жетістіктерімен құттықтап, бүкіл турнир бойындағы олардың жеңіске деген ұмтылысын және отандық спортты дамытуға қосқан үлестерін атап өтті.

Қазақстан Президенті клуб ұжымына зор денсаулық, жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тіледі.