Италиялық «Ювентус» өз алаңында  «Бенфикадан» айласын асыра алмады.
Лиссабонда өткен кездесуде «Бенфика» 2:1 есебімен жеңген болатын. Бұл нәтижеден кейін туриндік клубқа өз алаңында қалай да ұту керек болды. Алайда қонақтардың мығым қорғанысы мен қақпашысы Ян Облактың шеберлігі  «Ювентусты» өз алаңында өткізетін Еуропа Лигасының финалына шығармай тастады. Ең қызығы, бұл ойында көрермендер соғылған гол көрмесе де, үш бірдей қызыл қағазға куә болды.
Бірінші ойын - 1:2.
«Ювентус» (Италия) - «Бенфика» (Португалия) 0:0
Ювентус: Буффон, Бонуччи (Джовинко, 73), Кьеллини, Касерес, Лихтштайнер, Видаль (Маркизио, 78), Пирло, Погба, Асамоа, Тевес, Льоренте (Освальдо, 78)
Бенфика: Облак, Сикейра, Луизао, Гарай, Перейра, Гайтан (Сальвио, 76), Перес, Аморим, Лима, Родриго (Алмейда, 69), Маркович (Сулеймани, 86)
Алаңнан қуылғандар: Перес (67, екінші сары қағаз), Вучинич, (89, қосалқы құрамда отырып), Маркович (90+1, қосалқы құрамда отырып)