«Валенсия» өз алаңында «Севильяны» 3-1 есебімен жеңді. Алайда бұл нәтиже алаң иелерін финалға шығарған жоқ.
Алдымен Фегули он төртінші минутта «жарқанаттарды» алға шығарды. Кейін араға бірнеше минут салып, севильялық қақпашы Бету өз қақпасына гол салып, алаң иелеріне көмектесті. Бұл голдан кейін барлығын басынан бастау керек болды. Финалға шығуға мүмкіндік алған «Валенсия» 69-минутта үшінші голын салды. Алайда ақтық мәреге шығып тұрған алаң иелері соңғы минуттарда өз қақпасын голдан аман сақтап қала алмады. Негізгі уақыта қосылған төртінші минутта Мбиа көзге түсіп, «Севильяны» финалға алып шықты.   
Бірінші ойын - 0:2.

Валенсия (Испания) - Севилья (Испания) 3-1

Голдар: Софиан Фегули (14), Жонас (26), Жереми Матье (69) - Стефан Мбиа (90+4)

Валенсия: Диего Алвеш, Жоау Перейра, Рикарду Кошта, Матье, Бернат, Пьятти (Картабиа, 61), Кейта, Парехо (Фуэго, 78), Фегули, Варгас, Жонас (Баррага, 84)

Севилья: Бету, Коке, Фасио, Пареха, Наварро (Морено, 72), Мбиа, Каррису, Витоло, Ракитич, Рейес (Марин, 79), Бакка (Гамейро, 66).