Андрей Голубев ATP аясында Оэйрашта өтіп жатқан Portugal Open турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Екінші айналымдық кездесуде қазақстандық теннисші аргентиналық Леонардо Майерге екі сетте жол берді – 1:6, 6:7 (3:7). Бір айта кетерлік жайт, Голубев тоғызыншы геймде аргентиналықтан үш бірдей матчболды қайтарып, сетті тай-брейкке дейін апарды.