Хельсинкиде хоккейден Еуротур ойындарының соңғы кезеңі басталды. Мұнда Финляндия құрамасы ресейлік қарсыластарын тізе бүктірді.

Финдер 7-ші минутта Леонид Комаровтың көмегімен есеп ашты. Үзілістен кейін финляндиялықтар екінші шайбасын салды – көзге түскен Петри Контиола.

Ресейліктер ойын бітер тұста есеп айырмасын қысқартты, Николай Кулемин айдындағы көптігін пайдаланып, өз құрамасына үміт сыйлаған-ды. Алайда көршілеріміздің бұдан арыға шамасы жетпеді.

 

Финляндия – Ресей 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)

1:0 – Комаров (Хиетанен, Мянтюля) – 06:46,2:0 – Контиола (Хиетанен, Лехтеря) – 36:02,2:1 – Кулемин (Овечкин) – 58:43,

Қақпашылар: Коскинен – Худобин