Ел біріншілігінің тоғызыншы турында Павлодарда жергілікті команда қостанайлық «Тобылды» қабылдады. 

Екінші алтылықта келе жатқан қос клубтың теке-тіресінде қонақтар басым болды. Ойынның оныншы минутында Жұмасқалиев есеп ашса, кейін Жалилов есепті еселеді. Екінші таймның басында Бурзанович қызыл қағаз алып, алаң иелерінің жағдайын қиындатып кетті. Бұны пайдаланған қонақтар жартылайқорғаушы Еслинектің көмегімен үшінші голын соқты. 

«Ертіс» - «Тобыл» 0:3 (0:2)

Голдар: Жұмасқалиев 10, Жалилов 29, Еслинек 53