Қазақстан Премьер-Лигасының 9-шы туры аясындағы «Атырау» мен «Ордабасы» кездесуі тең есеппен аяқталды.

Матч қызықты өрбіді. Есепті алғашқы таймда «Ордабасы»  ойыншысы Касьянов ашқан болатын, алайда оңтүстіктен келген команда таблодағы есепті ұзақ уақыт ұстап тұра алмады. «Мұнайшылар» 10 минут өтпей жатып, Милош Трифуновичтың көмегімен ат басын теңестірді. 

Екінші таймда көрермендер қақпада тулап жатқан допты көре алмады. «Мұнайшылар» жанкүйерлерінің қуанта алмады.   

 

«Атырау» (Атырау) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:1 (1:1)

Голдар: Трифунович (25) – Касьянов (16)

Төрешілер: Денис Тевяшов (Орал), Айдын Тасыбаев (Павлодар), Санжар Ысқақов (Қостанай)

Қосалқы төреші: Самат Шәріпов (Атырау)

 Инспектор: Бағдат Түсеев (Семей)

https://sports.kz/online/football/1626