Футболдан ел біріншілігінің тоғызыншы турындағы «Шахтер»-«Астана» кездесуінде гол соғылмады.

«Кеншілер» қонақтарды Теміртауда қабылдады. Тартысты өрбіген ойында қос команда да жеңіске жақын болды. Алайда, кездесуде есеп ашылмады. Осылайша, турнир кестесінің көшбасшы командалары өз орындарын сақтап қалды.

Футболдан ел чемпионы. 9-шы тур.

«Шахтер» - «Астана» - 0:0 (0:0)