Футболдан ел біріншілігінің тоғызыншы турында семейлік «Спартак» пен қызылордалық «Қайсар» кездесті.

Турнир кестесінің аутсайдерлері өз жанкүйерлер алдында Дмитрий Огайдың командасымен тең түсті. Алдымен, Сергей Струков 52-ші минутта қонақтарды алғы шығарды. Артынша, ойынның 74-ші минутында алаң иелері Неманья Йовановичтің көмегімен таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп – 1:1.

Футболдан ел чемпионаты. 9-шы тур.

«Спартак» - «Қайсар» - 1:1 (0:0)

Голдар: Йованович, 74 – Струков, 52