Футболдан ел біріншілігінің тоғызыншы турында «Тараз» өз алаңында «Жетісуді» қабылдады.

Тартысты өрбіген кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды - 1:0. Айта кетер жайт, ойын барысында талдықорғандық клубтың екі ойыншысына қызыл қағаз көрсетілді. Ал, жеңісті голды матчтың аяқталуына бір минут қалғанда Алексей Щеткин соқты.

Футболдан ел чемпионаты. 9-шы тур.

«Тараз» - «Жетісу» - 1:0 (0:0)

Гол: Щеткин, 89