Қазақстан құрамасының қорғаушысы Кевин Даллмэн 1 мамырдан бастап кез-келген командамен келісім-шартқа отыра алады. Себебі хоккейші еркін агент атанды.

Бұл туралы Шайба.kz хабарлады. Құрлықаралық хоккей лигасында 295 ойын өткізіп, 239 (92+147) ұпай жинады. Естеріңізге сала кетсек, Даллмэн былтыр Қазақстан елінің азаматтығын алып, еліміздің ұлттық құрамасына алына бастады.

Соңғы екі маусымда питерлік СКА-ның сапында ойнады. Оның алдында төрт жыл бойы «Барыстың» намысын қорғады.