Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы екінші жолдастық кездесуін өткізді. Ойын 4:2 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.

Матчтың ең маңызды жері екінші периодта орын алды. Бірінші жиырма минуттықтан кейін 0:1 есебімен жеңіліп жатқан жерлестеріміз үш шайба салып, таразы басын теңселтіп тастады. Екінші период аяқталғанша италиялықтар есеп айырмасын қысқартып үлгерді. Десе де, Николай Антропов ойын соңында құрамамыздың төртінші шайбасын салды.

Италия – Қазақстан 2:4 (1:0, 1:3, 0:1)

1:0 – Джонсон – 10:001:1 – Старченко – 21:001:2 – Семенов – 22:381:3 – Романов – 25:342:3 – Феличетти – 38:582:4 – Антропов – 59:51, 

Қақпашылар: Белиссимо – Иванов