29 сәуірде Алматыда әйелдер арасында Хоккейден Қазақстан біріншілігінің қорытынды туры өтті, деп хабарлайды Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының ресми сайты.

Биыл да еліміздің чемпионы атағын алматылық «Айсұлу» командасы алды, ал күміс медальды өскемендік «Устинка» мойнына тақса, үздік үштікті алматылық тағы бір ұжым «Жұлдыз» түйіндеді.

Біріншіліктің үздік қақпашысы Татьяна Можаева, үздік қорғаушысы боп «Устинкидегі» Лейла Морозова атанды, ал үздік шабуылшы номинациясын Зарина Тухтиева («Айсұлу») алды.