Хоккейден Қазақстан құрамасы Минскте болатын әлем біріншілігіне дайындық барысында Италияға қарсы достастық кездесу өткізді. 

Ойын 3:1 есебімен италиялық ұжымның пайдасына шешілді. Алғашқы екі периодта италиялықтар екі шайбадан салды. Үшінші жиырма минуттықта Дмитрий Уппер есеп айырмасын қысқартты, алайда матчтың бітуіне он бір секунд қалғанда қазақстандықтар гол жіберіп алды. Бұл кезде құрамамыздың бапкері қақпашының орнына айдынға ойыншыны жіберген болатын.

Италия – Қазақстан 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)

1:0 – Боргателло – 09:58,

2:0 – Феличетти – 22:27,

2:1 – Уппер (Казанцев) – 53:46

3:1 – Николетти – 59:49, 

Қақпашылар: Белиссимо – Еремеев