Қарағанды мәдениет және спорт басқармасында жастар арасындағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіповтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. 

Жуырда ғана София қаласында әлем чемпионаты аяқталған болатын. Аталмыш додада қазақстан былғары қолғап шеберлері Шалқар Айхынбаев пен Абылайхан Жүсіпов алтыннан алқа тағынды. Қазақстан құрамасының қоржынына Сұлтан Зәуірбек пен Вадим Казаков күміс медаль алып келді.  «РЧО СПОРТ» тілшісіне КСРО спорт шебері Бауыржан Аманбаевтың айтуынша, оның шәкірті Жүсіпов 60 келі салмақ дәрежесінде 6 кездесу өткізді. Финалға барар жолда АҚШ, Ресей, Молдовия, Венгрия және Өзбекстаннан келген боксшыларды қапы қалдырды. Ақтық мәреде Абылайхан румыниялық Арсен Мұстафамен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша 3:0 есебімен жеңіске жетті. Аманбаевтың айтуынша, шәкірті  2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті пір тұтады. Абылайхан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы және өткен жылы әлем чемпионы атанды. 

Орысша нұсқасын оқу: https://prosportkz.kz/ru/news/34265.html