АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 3-ші мамыр күні кәсіпқой бокстан орта салмақтағы (66,7 келі) WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы американдық боксшы Флойд Мэйвезер аргентиналық боксшы Маркос Майданамен жұдырықтасады.

Атақты Флойд Мэйвезер кәсіпқой рингте 45 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал оның қарсыласы Маркос Майдана 35 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңіліс тапқан.

Аталмыш кездесуді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.