Футболдан Қазақстан чемпионатының көшбасшысы «Ақтөбе» клубы демеуші іздеп жүр. Бұл туралы «Астана» телеарнасының мәліметінен белгілі болды.

«Демеушілік көрсете алатын компанияларды іздеп жүргеніміз рас. Көптеген мекемелерге ұсыныс жіберіп жатырмыз. Әзірше үн қатқан ешкім жоқ», - дейді клубтың  директоры Шарипа Бихамбетова.

Есеріңізге сала кетсек, ел чемпионатының соңғы турында ақтөбеліктер сырт алаңда «Астана» командасын 2:1 есебімен жеңіп турнир кестесінде көш бастады.