Семейлік «Спартактың» бас бапкері Алмас Құлшынбаев қызметінен босату туралы өтініш жазды.

«Иә, расымен де, жұмыстан босату туралы арыз жаздым. Бұның басты себебі - команданың жақсы нәтиже көрсете алмауында. Бұл туралы менің айтқым келмейді. Мен жақсы жағдай болмаған жерде жұмыс жасай алмаймын. Клуб басшылығы менің арызымды қабылдайтын шығар. Команда мен менің жолым екі айырылады», - деді Құлшынбаев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, «Спартак» былтыр «Востокты» жеңіп, Қазақстан Премьер-лигасына оралған болатын. Қазіргі кезде семейлік клуб турнир кестесінің түбінде жайғасып тұр.