Гагарин кубогы иегерін анықтау үшін барлық жеті кездесу ойналатын болды. Магнитогорсктік «Металлург» Прагада жергілікті «Левтан» айласын асыра алмады.

Чехиялық команда овертаймда Металлургтан басым түсті. Қорытынды есеп – 5:4. Жеңісті шайбаны Натан Ойстрик соқты. Осылайша, сериядағы есеп теңесті - 3:3. Демек, келесі ойын шешуші болмақ.

 

«Лев» (Прага) – «Металлург» (Магнитогорск) 5:4 ОТ (2:1, 1:3, 1:0, 1:0)

0:1 – Мозякин (Зарипов, Коварж) – 09:47

1:1 – Азеведу (Шевц, Немец) – 13:53

2:1 – Шевц (Немец, Азеведу) – 19:09

2:2 – Юньков (Осала, Терещенко) – 22:35

2:3 – Ли – 24:55

3:3 – О'Бирн (Бирнер, Ржепик) – 27:58

3:4 – Паре (Мозякин) – 38:41

4:4 – Мяэнпяя – 57:39

5:4 – Ойстрик (Закриссон) – 63:53

Қақпашылар: Веханен – Кошечкин

Сериядағы есеп: 3:3